Елордада карантин талаптарын бұзудың 34 фактісі анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Полиция қызметкерлері, эпидемиологтар, еріктілер, жергілікті атқарушы орган өкілдерінен құрылған мобильді топтар карантин режимін бұзу фактілерін анықтау бойынша жұмысты жалғастырып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат елордлық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тексеріс барысында полицейлер каладағы ойын-сауық, көңіл көтеру орындары, қоғамдық тамақтану нысандары, хауыз, моншаларға кіріп, олардың иелерін карантин режиміне байланысты шектеу шаралары туралы ескертіп, сондай-ақ, заңбұзушылықтарды анықтап жатыр.

Осылайша, биылғы жылдың 4 қазанында, таңғы сағат 05:00 шамасында полиция бөліміне қала тұрғыны телефон соғып, Шевченко көшесіндегі «Угол 4/1» дәмханасының карантин талаптарын бұзып жатқаны туралы хабарлады. Оқиға орнына шыққан тәртіп сақшылары дәмхананың ішінде ондаған келуші отырғанын анықтады.

«Угол 4/1» дәмханасының иесі карантин талаптарын бұзғаны үшін бұған дейін бірнеше рет әкімшілік жауапқа тартылғанымен, Бас санитарлық дәрігер қаулысының нормаларын әлі де бұзып келеді.

Дәмхана иесіне қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексінің 425-бабымен әкімшілік өндіріс қозғалды.

Елорданың полиция департаменті азаматтарды карантин талаптарын бұзғаны үшін жауапқа тартылатынын ескертіп, санитарлық нормаларды сақтауға шақырады.


Соңғы жаңалықтар