Елордада карантин талаптарын бұзғаны төрт мекеме жауапқа тартылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанның мобильді топтары карантин режимін бұзған кәсіпкерлік нысандарын анықтау үшін күшейтілген жұмыс жүргізіп жатыр. Кеше түнде шектеу шараларын сақтамаған тағы 4 мекеме жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Коронавирус инфекциясының алдын алу, таралу және жұқтыру қаупіне қарамастан, кейбір мекемелер карантин шектеуін жүйелі түрде бұзып келеді.

14 сәуірде түнде Есіл ауданында орналасқан «Coffee Vista» кофеханасы белгіленген жұмыс режимін сақтамай келушілерді қабылдады. Осындай жағдай Сарыарқа ауданындағы «Karima» кафесі мен «Панаехали» атмосфералық барында қайталанды.

Байқоңыр ауданында жұмыс істеуіне тыйым салынғанына қарамастан Respawn ойын клубы келушілерді қабылдады.

Жиналған материалдың бәрі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына шара қолдану және құқық бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін тапсырылды.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша қызыл аймаққа енгеніне бір айдан асты. Қаладағы эпидемиологиялық жағдай әлі де құбылмалы.


Соңғы жаңалықтар