+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Елордада карантин талаптарын бұзған 9 мекеме жауапкершілікке тартылды

2021 жылғы 17 қазан 05:20
Бөлісіңіз:
Елордада карантин талаптарын бұзған 9 мекеме жауапкершілікке тартылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада кәсіпкерлік нысандардың карантин талаптарын сақтау жағдайын қадағалау жалғасып жатыр. Мониторингтік топ мүшелері күшейтілген режимде жұмыс істеуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
«Омикрон» штамы: Алтай Көлгінов елордаға қосымша шектеу енгізбеу үшін не істеу керектігін айтты Омикрон: Қазақстан шектеу шараларын күшейтеді

«15 қазан күні 9 елордалық мекеме карантин талаптарын бұзды. Алматы ауданында «Лапша» мейрамханасы, «Киш миш», «Gentles» кафелері, «Мармелад» лаундж-бары белгіленген жұмыс режимін сақтаған жоқ. Сарыарқа ауданында орналасқан «Барвиха» лаундж-барында, «Oina» ойын клубында, «Рыба моей мечты» караокесінде де карантин шаралары бұзылды. Сондай-ақ, тәртіп бұзушылар тізіміне Есіл ауданындағы «Garage» мейрамханалық кешені мен «Inforno» рестобары енді», - делінген хабарламада.

Карантин талаптарын бұзу туралы мәліметтер әкімшілік шара қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға жолданды.

Қалалық әкімдік өз кезегінде індет таралуының азайғанына қарамастан, коронавирустан қорғанудың тәсілі вакцина алу және санитарлық талаптарды сақтау екенін ескертеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT