Елордада карантин талаптарын бұзған 6 мекеме жауапқа тартылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорданың мониторингтік топтары крантин талаптарын бұзған кәсіпкерлік нысандарын күн сайын анықтай отырып, тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Көбіне қоғамдық тамақтандыру орындары әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Олар белгіленген жұмыс уақытын, маска режимін сақтамайды, ал келушілер саны рұқсат етілгеннен асып жатады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Өткен тәулікте, яғни 21 шілде күні елорданың 6 кәсіпкерлік нысанында карантин талаптары бұзылды.

Байқоңыр ауданындағы «Seka food» кафесі мен «1001 түн» рестобары белгіленген уақыттан артық жұмыс істеді.

Сондай-ақ, жұмыс режимін Алматы ауданында орналасқан «Janymsoul» караоке-клубы, «Панаехали» бары және «Chim chi» кафесі бұзды.

Уақытша шектеулер қойылғанына қарамастан Есіл ауданындағы «Tequila» лаундж-бары келушілерді қабылдады.

Мониторингтік топтар есігін жауып алып жұмыс істеген «Quartert» караоке-клубына, «Мята» лаундж-барына және «Alanya» караоке-мейрамханасына кіре алған жоқ.

Тәртіп бұзушыларға қатысты материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына берілді.

Естеріңізге сала кетейік, қаладағы эпидемиологиялық жағдай әлі де тұрақсыз. Күн сайын КВИ ауруының мыңнан астам жаңа жағдайы анықталып жатыр. Осыған байланысты елорда тұрғындары мен қонақтары, сол сияқты кәсіпкерлік нысандары санитарлық нормалар мен шектеу шараларын қатаң сақтауы тиіс.


Соңғы жаңалықтар