+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Елордада карантин режимін бұзғаны 7 мекеме жауапкершілікке тартылды

2021 жылғы 21 шілде 12:26
Бөлісіңіз:
Елордада карантин режимін бұзғаны 7 мекеме жауапкершілікке тартылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өткен тәулікте елордада карантин режимін бұзғаны үшін 7 мекеме әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада жоғалған балалар табылды Елордадағы қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақыты тағы өзгереді – қаулы Елордада демалыс күндері мекемелер мен кәсіпкерлік нысандар қалай жұмыс істейді

Елорданың мониторингтік топтары крантин талаптарын бұзған кәсіпкерлік нысандарын күн сайын анықтай отырып, тәулік бойы күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда.

Есіл ауданында «Chechil Pub» бары, «Alanya» караоке-мейрамханасы, «The-ДЫМ» лаундж-бары жұмыс режимін бұзды. Сондай-ақ, соңғысы кальян шегу қызметін көрсеткен.

Сонымен қатар, бақылау тобы есігін жауып жұмыс істеген «Inforno» мейрамханасына кіре алмады.

Сондай-ақ белгіленген уақыттан кейін Алматы ауданында орналасқан «Баня на дровах» саунасы мен «Потолок» интернет кафесі жұмыс істеген.

Сарыарқа ауданында «Спорт сити» фитнес клубы мен «Стамбул» кафесі де осындай бұзушылықтарға жол берді.

Карантин тәртібін бұзғандарға қатысты жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына тапсырылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT