+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Елордада карантин режимін бұзған кәсіпкерлерге 15 542 910 теңге айыппұл салынды

2020 жылғы 5 тамыз 14:09
Бөлісіңіз:
Елордада карантин режимін бұзған кәсіпкерлерге 15 542 910 теңге айыппұл салынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада карантин режимін бұзған ойын-сауық орындары анықталды. Заң бұзғандарға жалпы сомасы 27 377 790 теңгені құрайтын айыппұл салынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Пневмониямен ауырған науқастардың өкпесі қанша уақытта қалыпқа келеді - маман пікірі Коронавирус: Израильде карантин, ЕО елдеріндегі жаңа шектеулер пайда болды Қазақстанда осы уақытта 3 684 адам коронавирустан ем қабылдап жатыр

5 тамызға қараған түні мониторинг тобы полиция қызметкерлерімен және тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасымен (ТҚСҚББ) бірлескен кезекті рейд кезінде кәсіпкерлік субъектілері тарапынан карантин режимін бұзу әрекеттерін анықтады.

«Бүгінгі мониторинг барысында қоғамдық тамақтану, сауда және қызмет көрсету нысандарында бірқатар заңбұзушылықтар анықталды. Олардың көпшілігі жұмыс кестесін бұзу, жұмысшылар мен келушілердің маска тағу тәртібін бұзу, әлеуметтік қашықтық сақтамау сияқты әрекеттермен байланысты», - деп хабарлады Есіл аудандық тауарлар мен қызметтердің сапасын мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Арман Құрбанов.

«Мониторинг тобы аралау кезінде Есіл ауданында «Pei Zdes' 31» лаундж-барында (ЖК «ORIENT-S») қызметкерлер мен қонақтар әлеуметтік қашықтық сақтамай, карантин режимін, маска тағу тәртібін бұзғанын анықтады. Аталған нысанның басшыларымен және әкімшілігі тарапынан түсіндіру жүргізіліп, әкімшілік хаттаманы ресімдеу үшін материалдарды тапсыру туралы хаттама жасалды», - деді Нұр-Сұлтан әкімдігінің Азаматтық қорғаныс орталығының бас маманы Әсет Абылғазиев.

Сонымен қатар Сарыарқа ауданында рейд кезінде мобильді топ «Нирвана» және «Угол 4/1» клубтарындағы карантин режимін бұзушыларды анықтады. 4 тамыздағы жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының аудандық басқармаларына аудандық полиция басқармаларынан карантинді бұзғандар туралы 544 материал келіп түсті. Олар бойынша 124 жеке және кәсіпкерлік субъектілері жалпы сомасы 27 377 790 теңге әкімшілік жауапқа тартылды.

ҚР ӘҚБтК 811-бабына сәйкес, карантинді бұзған адамдар кінәсін мойындағандықтан, әкімшілік айыппұлдар қысқартылған түрде қолданылды. Бүгінгі күні жалпы сомасы 15 542 910 теңгені құрайтын 63 әкімшілік айыппұл төленді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT