+7 (701) 759 90 19
USD 414.13 EUR 451.40
RUB 5.80 CNY 58.03
Jańalyqtar

Елордада карантин режімін бұзған 300-ден астам адам жауапқа тартылды

2020 жылғы 31 наурыз 11:25
Бөлісіңіз:
Елордада карантин режімін бұзған 300-ден астам адам жауапқа тартылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада карантин режімін бұзған 300-ден астам адам жауапқа тартылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Карантин режімінің күшейтілуіне қарамастан, кейбір азаматтар қоғамдық тәртіпті бұзып, көшеде жүрген. Үш күннің ішінде, яғни 28-30 наурыз кезеңінде полицияға 307 адам жеткізілді. Оларға қатысты әкімшілік жаза қабылданды. Сонымен қатар, екі мыңнан астам профилактикалық түсіндіру шаралары жүргізілді», - деді Е. Сәденов «Хабар 24» телеарнасында өткен онлайн брифингіде.

Оның сөзіне қарағанда, 22 наурыздан бастап төтенше жағдай режімін бұзғаны үшін 369 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 86-сы қамауға алынды, 202 адамға айыппұл салынды. Сонымен қатар, 69 адамға ескерту жасалса, 17 іс сотта қаралуда.

«Блок-бекеттерінде 98 адам жазаға тартылды, оның ішінде 80 адам қамалды, 14 адамға айыппұл салынды, 4 іс сотта қаралуда», - деді Е. Сәденов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT