+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Елордада карантин режімін бұзған 116 кәсіпкер жазаланды

2020 жылғы 31 наурыз 11:44
Бөлісіңіз:
Елордада карантин режімін бұзған 116 кәсіпкер жазаланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада карантин режімі кезеңінде 100-ден астам кәсіпкер жауапқа тартылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Карантин режімін бұзғаны үшін 116 кәсіпкер жазаға тартылды. Оның ішінде бесеуі қамауға алынса, 102 адамға айыппұл салынды. Қазіргі уақытта 9 іс сотта қаралуда», - деді Е. Сәденов Хабар 24 телеарнасында өткен онлайн брифингіде.

Бұдан бұрын хабарланғандай, елордада карантин режімін бұзған 300-ден астам адам жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, қалада 30 автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.

Айта кетейік, ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев карантин кезінде көшеге спортпен шұғылдануға шығатындарға қатысты түсінік берді.

«Осы тұрғыда денсаулық сақтау мамандарының пікіріне сүйенеміз. Мамандардың пайымынша, (инфекция қаупі кезінде) спортпен шұғылданатын адамға да, сондай-ақ оның жанындағы адамдарға да жоғары қатер туындайды. Сондықтан спортпен айналысуды көшеге шығу үшін негіз ретінде санамау шешімі қабылданды. Ғимараттың ішінде спортпен шұғылдану үшін түрлі әдістер бар. Осы орайда бұл тәсілдерді уақытша пайдаланып, енгізілген шектеулерге түсінікпен қараған жөн болар», - деді Марат Бекетаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT