+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Елордада карантин кезінде қонақ шақырып, сауық кешін ұйымдастырған әйел ұсталды

2020 жылғы 14 шілде 15:36
Бөлісіңіз:
Елордада карантин кезінде қонақ шақырып, сауық кешін ұйымдастырған әйел ұсталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Полицияға түн ортасында Сарайшық көшесінде орналасқан коттеджде шамамен 50 адам жиналған сауық кеші болып жатқаны туралы хабар түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда саябақтар мен жағалауға баруға тыйым салынды Батыс Қазақстан облысында шектеу шаралары ұзартылды Байқоңырда карантин тағы бір аптаға созылды

Полицейлер тексеру барысында 28 жастағы қала тұрғыны жабық сауық кешін ұйымдастырғанын анықтады.

Оқиғаның жай-жапсарын анықтау үшін қонақтардың барлығы «Есіл» аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Тексеру нәтижесі бойынша 42 адам ҚР ӘҚБК 441-бабы бойынша жекелеген қоғамдық орында темекі өнімдерін және электрондық сигаретті тұтынуға тыйым салуды бұзғаны үшін, ҚР ӘҚБК 437-бабы бойынша тыныштықты бұзғаны және ҚР ӘҚБК 440-бабы бойынша алкогольді ішімдік ішкені немесе қоғамдық орында мас күйінде жүргені үшін, сондай-ақ 1 адам ҚР ӘҚБК 492-бабы бойынша Қазақстанда тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжатсыз тұрғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тергеу барысында сауық кешін ұйымдастырушының бұған дейін елордадағы дәмханалардың бірінде жұмыс істегені анықталды. Оның жұмыс орны санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сай келмегендіктен жабылған. Сол себепті әйел коттедж жалдап, келушілерге әлеуметтік желі арқылы іс-шараның өтетін жерін хабарлаған.

Жалға алушыға қатысты жиналған материалдар процессуалдық шешім шығару үшін Нұр-Сұлтан қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT