+7 (701) 759 90 19
USD 412.10 EUR 454.34
RUB 5.82 CNY 57.62
Jańalyqtar

Елордада карантин аяқталғанша үйге қонақ шақыруға тыйым салынады

2020 жылғы 24 мамыр 11:54
Бөлісіңіз:
Елордада карантин аяқталғанша үйге қонақ шақыруға тыйым салынады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада карантин аяқталғанға дейін отбасылық еске алу, әдет-ғұрып және өзге де іс-шаралар өткізуге, кейтеринг және мерекелерді ұйымдастыру қызметін көрсетуге тыйым салынады. Нұр-Сұлтан қаласы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева қабылдаған соңғы қаулыда осылай жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Нұр-Cұлтан қаласындағы департаменті қалада коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу жөніндегі қосымша шара қабылдады.

«Қала тұрғындарына карантин аяқталғанға дейін 2 және одан да көп адамның бірлесіп серуендеуі кезінде міндетті түрде маска кию және 2 метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, үйінен еркін шығуға рұқсат етіледі. Аула, саябақ, алаң, сквер, жағалауда серуендегенде масканы міндетті түрде кию керек, 3 адамнан артық топтасы жүрмеуі керек. Бұл бір отбасы мүшелеріне қатысы жоқ. Сондай-ақ саяжай учаскесіне (қала сыртындағы үйлерге) бару үшін қаладан кіруге/шығуға рұқсат етіледі», - делінген қаулыда.

Сондай-ақ, қоғамдық орында, қоғамдық көлікте және рұқсат етілген объектілерге барған кезде маска, қолғапты киіп жүру және антисептик пайдалану талаптарын қатаң сақтау қажет.

Үйге қонақ шақыру, болмаса табиғат аясында мерекелік шара өткізуге болмайды.

«Отбасылық еске алу, әдет-ғұрып және өзге де іс-шаралар өткізуге, кейтерингтік қызметтер көрсетуге және мерекелерді ұйымдастыру жөнінде қызметтер көрсетуге тыйым салынады», делінген құжатта.

Кәсіпкерлер мен ұйымдарға қызметкерлерінің, келушілердің карантин талаптары, шектеу шараларын сақтауын қатаң бақылауы міндеттелген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT