Елордада карантин аумағы қала сыртындағы елді мекендер шекарасына дейін кеңейтілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада карантин аумағы қала сыртындағы елді мекендер шекарасына дейін кеңейтілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустың таралуын болдырмау және инфекция бойынша ағымдағы жағдайға арналған баспасөз конференциясында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елімізде төтенше жағдайдың енгізілуіне орай Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес және қалыптасқан күрделі ахуалға байланысты, сондай-ақ халықты барынша хабардар ету мақсатында қосымша шектеулер мен профилактикалық және антиэпидемиялық шаралар қабылдануда. ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия қазіргі таңда үкімет тарапынан осы жұмыстарды атқарып жатыр. Тапсырмаға сәйкес 19 наурыз күні сағат 00:00-ден бастап Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустың таралу қаупіне байланысты карантин режімі енгізілді. Қала периметрі бойынша тұрғындардың қозғалысы мен көліктердің кіріп-шығуын шектеу үшін қала шеңберінде 6 блок бекет орнатылды, қосымша Ақмола облысына тағы 1 блок бекет орнатылды. Сонымен қала бойынша 7 блок бекет орнатылды», - дейді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен.

Оның айтуынша, ҚР Қорғаныс министрлігінің тиісті мамандық қызметкерлері мен санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің өкілдері, ішкі істер мамандары блок бекеттерде тиісті жұмыстарын істеп жатыр.

«Қала басшылығы Қараөткел, Талапкер, Қоянды, Қосшы, Жібек жолы, Шұбар ауыл тұрғындарының қозғалыс мәселесін реттейді. Бұл елді мекен тұрғындарының қала шеңберінде қозғалыс ережелері мен қала тұрғындарымен теңдей санитарлық-эпидемиялық талаптарға сай карантин аумағы қала сыртындағы елді мекендер шекарасына дейін кеңейтілді. Блок бекеттер осы ауылдардың сыртына орналастырылды», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар