Елордада Қарағанды және Ұлытау облыстарының жәрмеңкесі өтеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 22-23 қазан күндері Астана қаласында Қарағанды және Ұлытау облыстарының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы елорда әкімдігінде өткен брифингіде Астана қалалық инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы азық-түлік қауіпсіздігі бөлімінің басшысы Абдель Балтатегі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ертең Астана қаласында Қарағанды және Ұлытау облыстарының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Ол 22-23 қазан күндері «Астана-Арена» стадионы маңындағы көлік тұрағында ұйымдастырылады. Аталған өңірлердің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мен өңдеу өнеркәсіптері 700 тоннаға жуық тауар ұсынуды жоспарлап отыр. Оның ішінде 430 картоп, 140 тонна ет, 100 тонна көкөніс, 13 тонна сүт өнімдері, 200 мың дана жұмыртқа, 12 тонна балық және балық өнімдері мен 16 тонна өзге де тауарлар болады», - деді бөлім басшсы

Жәрмеңкеге Қарағанды облысынан 164 фермерлік қожалық қатысады. Абдель Балтатегінің айтуынша, шара барысында ұсынылатын тауарлардың құны нарықтағы бағадан 15-20 пайызға арзан болмақ.


Соңғы жаңалықтар