Елордада қар жауып, көктайғақ болады - Қазгидромет

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтанда ауа райының нашарлауына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, 8 сәуірде ауа райы күрт нашарлап, көшпелі бұлт шығып, жаңбыр мен қар жауады, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғып, екпіні 17-22 м/с жетеді. Температура күндіз +2+4°С, түнде -2-4°С.

Осы ретте ТЖД елордалықтарға бірқатар кеңесін берді.

«Дауылды жел кезінде ең алдымен, тұрғын үйлердегі электр желілері мен жабдықтардың, жылыту пештерінің жай-күйін тексеру, өртке қарсы судың іште және сыртта болуын, телефон байланысының дұрыстығын қамтамасыз ету, өртке қарсы құрал-саймандарды дайындау қажет. Пәтердегі электр желісінің кернеуінде іркілістер болған кезде тұрмыстық электр құралдарын дереу токтан ажыратып, электр энергиясы кенеттен қосылғанда өрт болмайтындай розеткадан тоқты суырып алыңыз. Және де жеке көлігіңізді ағаштар мен ескі құрылыс алаңдарынан алшақ қоюға, пәтеріңіздің немесе үйіңіздің терезесін тығыз жабуды сұраймыз», - деді ведомстводан.
Сондай-ақ департамент азаматтарды аса қажеттілік болмаса үйден шықпауға кеңес береді. Төтенше жағдай туындаса «112» нөміріне қоңырау шалу қажет.

Бұған дейін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланғанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар