USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Елордада қаңтар айында жастарға 350 пәтер беріледі – Алтай Көлгінов

2021 жылғы 11 қаңтар 21:30
Бөлісіңіз:
Елордада қаңтар айында жастарға 350 пәтер беріледі – Алтай Көлгінов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов биылғы жылдың қаңтар айының өзінде жастарға 350 пәтер берілетінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Щучьеде медицина қызметкерлеріне арналған тұрғын үй салынады Жалдамалы баспана үшін төлемді қай орган тағайындап, іске асырады Түркістан қаласында 12 қабатты 39 үйдің құрылысы жүруде

Бұл туралы ол бүгін өзінің Instagram парақшасына жазды.

«Тұрғын үй мәселесі - біздің жұмысымыздағы маңызды бағыттардың бірі. Биыл жұмыс істейтін жастарға арналған жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасын жалғастырамыз. Бағдарлама Елбасының тапсырмасына сәйкес 2019 жылы іске қосылды.

Қаңтар айында жастарға 350 пәтер беруді жоспарлап отырмыз. Жыл соңына дейін тағы 1050 пәтер беріледі. Осы пәтерлерде тұрып жатқан уақытта жастар аяққа тұрып, белгілі бір капитал жинап, өз баспаналарын сатып ала алады. Сондай-ақ, басқа тұрғын үй бағдарламалары мен бағыттары бойынша жүйелі жұмысты жалғастыра береміз»,-деп жазды әкім.

Сондай-ақ ол Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өткен жылдан бастап қолжетімді, жеңілдікпен берілетін тұрғын үй құрылысының көлемі ұлғайғандығын айты.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айдар Оспаналиев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT