Елордада қанша медицина қызметкеріне вакцина салынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада коронавирус инфекциясының бар-жоғын анықтайтын 24 зертхана жұмыс істейді. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн брифингіде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта қалада күніне 12 мыңнан астам жеткілікті қуатымен 24 зертхана жұмыс істеп тұр. Орта есеппен алып қарағанда тәулігіне 3,5 мыңнан 6 мың аралығында зерттеу жүргізіледі. Өздеріңіз білетіндей, 1 ақпаннан бастап медицина қызметкерлеріне және 1 наурыздан басқа басқа контингенттегі азаматтарға вакцинация жүргізіліп жатыр», - дейді Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова.

Оның айтуынша, осы жылдың 12 наурыз күні бірінші компоненттен - 5 256, екінші компоненттен - 1901 медицина қызметкері егілді.

Еске сала кетсек, бұған дейін жыл басынан бері елордада 7 603 адам коронавируспен ауырғанын жаздық. Соңғы тәулікте Covid-19 инфекциясының 112 жағдайы тіркелді.


Соңғы жаңалықтар