Елордада қанша медицина қызметкеріне коронавирус жұққаны белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада 330-ға жуық медицина қызметкерінен коронавирус анықталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы, қала бойынша медицина қызметкерлері арасында індетке шалдығудың 330-ға тарта оқиғасы тіркелді. Бұл өз кезегінде Нұр-Сұлтан қаласындағы барлық мекемелеріне қатысты, яғни республикалық, қалалы әрі ведомстволық. Оның ішінде денсаулық сақтау басқармасы медициналық ұйымдары бойынша 200-ге жуық. Медицина қызметкерлерінің тек үштен бірі коронавирус инфекциясынан емделіп жатқан науқастар болған стационарларда жұмыс істеген», - деді Сәуле Қисықова Орталық коммуникациялар қызметінде.

Сонымен қатар ол елордада медицина қызметкерлері арасында COVID-19-дан өлім-жітім фактілері тіркелмегенін нақтылады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, елордада вирус жұқтырған жалпы 2 620 адам анықталды. Оның ішінде 270-і бала. 1 829 науқас немесе 70 пайызы жазылып шықты. Өкінішке қарай, толық көлемде жүргізілген медициналық көмекке қарамастан, 14 адам қайтыс болды.

«Бүгінде коронавирус инфекциясымен 730 науқас ауруханада жатыр. Олардың ішінде 48-інің жағдайы ауыр, соның арасында 18 науқас өте ауыр жағдайда. Олардың өкпелері жасанды желдету аппаратына қосылған», - деді С. Қисықова.


Соңғы жаңалықтар