Елордада қанша азық-түлік қоры бар

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қалада бағаны ұстап тұру үшін өз тиімділігін дәлелдеген бірқатар шара қабылдануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдікке сілтеме жасап.

Атап айтқанда, бірінші қажеттілік тауарларын сатып алу үшін операторларға және сауда желілеріне жеңілдікті қарыздар беру бойынша «Айналым тетігі» жобасы іске асуда. «Айналым тетігі» шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерімен келісімшарттарға қол қойылды және күріш, қарақұмық жармасы, күнбағыс майы, көкөніс (картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат), бакалея және сүт өнімдері сияқты бағалардың өсуі байқалған бірінші қажеттілік тауарларын тіркелген бағалар бойынша сатып алу және сату үшін жеңілдікті қарыздар бөлінді.

Өнімдер Magnum Cash & Carry, Small, «Астықжан», «КеңМарт», «Вкусмарт», AQMOL сауда желілерінде, «Шапағат», «Евразия», «Артем», «Биг Шанхай» базарларында сатылады. Сонымен қатар, қалада тұрақтандыру қоры қалыптасқан. Үш жыл ішінде қорға 12 мың тонна өнім сатып алынды. Қорда 4 895,4 мың тонна азық-түлік бар.

Елорданың азық-түлік белдеуі аймағына Ақмола облысының 17 ауданы және Қарағанды облысының 4 ауданы кіреді.


Соңғы жаңалықтар