Елордада қанша адамға вакцина егілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқапарат – Бүгінгі таңда бірінші компонент бойынша 10 861 адам вакцина алды. Екінші компонент бойынша 3 024 адам вакцина алды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коронавирусқа қарсы вакцина егу жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі таңда бірінші компонент бойынша 10 861 адам вакцина алды. Екінші компонент бойынша 3 024 адам вакцина алды. Вакцина алған медицина қызметкерлерінің саны – 4836, педагогтар саны – 1945, созылмалы аурулары бар адамдар саны – 1071, құқық қорғау қызметі саласындағы қызметкерлер саны – 1207, ал басқа топтағы адамдар саны – 1802. Вакцина егілгеннен кейін денсаулығында ақау пайда болғандар тіркелген жоқ», - дейді Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов.

Оның айтуынша, 36 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарында бірінші және екінші компоненттерге арналған вакцина жасау бөлмелері және вакцина егілгеннен кейін пациенттерді бақылауға арналған күтім бөлмелері тұрақты режимде жұмыс істеп жатыр.

«Барлық емханада вакциналар эпидемиологиялық талаптарға сай сақталып жатыр», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар