Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 383.69 EUR 429.08
RUB 5.97 CNY 55.39
Jańalyqtar

Астанада қандай тұрғын үй кешендері бой көтереді

2019 жылғы 24 мамыр 11:09 1162
Бөлісіңіз:
Астанада қандай тұрғын үй кешендері бой көтереді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Астана бас жоспары» ҒЗЖИ» ЖШС-да Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтановтың төрағалығымен қала құрылысы кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Есіл өзенінің үстінен көпір-үй салынады Алматы метросы: «Қалқаман» стансасының жаңа келбеті қандай болмақ

Жиналыста  қала тұрғындарының жайлылығы үшін инженерлік коммуникациялар, әлеуметттік инфорқұрылым нысандары мен көлік тұрақтарына баса назар аударылды.
Белгілі болғанындай, алдағы уақытта Мәңгілік Ел даңғылының бойында 206 пәтерлік тұрғын үй кешені салынады (тапсырыс беруші - «КазТайм» ЖШС), жалпы аумағы - 24,5 мың шаршы метр.

Тәуелсіздік даңғылы мен Шарль де Голль көшелерінің қиылысында 920 пәтерлік («Atlant Building KZ» ЖШС) тұрғын үй құрылысы жүргізіледі. Оның жалпы аумағы - 83 мың шаршы метрден асады.

А. Байтұрсынұлы, К.Әзірбаев және 23-16 көшелерінің қиылысында («Astana real estate 2017» ЖШС) 1 934 пәтерлік Тұрғын үй кешені бой көтермек, оның жалпы аумағы - 237 мың шаршы метр.

Ж.Нәжімеденов, К.Әзірбаев және 23-16 көшелерінің қиылысы маңында («Казстройинжиниринг НТ» ЖШС) 2 100 пәтерлі тұрғын үй тұрғызылады. Жалпы аумағы - 106 мың шаршы метр.

А.Байтұрсынұлы, Ж.Нәжімеденов, К.Әзірбаев және №23-8 көшелерінің қиылысында («Аллея Тысячелетия» ЖШС) 6 939 пәтерлік тұрғын үй кешені салынып, оның аумағы 678 мың шаршы метр болады.

Жобалар қала құрылысы кеңесі мүшелерінің берген ескертулеріне сәйкес, жасалып бітеді. 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қанат Мәметқазыұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
MURAǴAT