+7 (701) 759 90 19
USD 378.60 EUR 417.75
RUB 6.13 CNY 54.58
Jańalyqtar

Елордада қамқорсыз қалған балаларды қолдауға арналған «Таңғажайып әуен» фестивалі өтті

2019 жылғы 7 желтоқсан 22:00
Бөлісіңіз:
Елордада қамқорсыз қалған балаларды қолдауға арналған «Таңғажайып әуен» фестивалі өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Дегдар» қайырымдылық қоры мен «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы Нұр-Сұлтан қаласында «Таңғажайып әуен» фестивалі аясында қайырымдылық концертін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Саят Медеуов ауылға жұмыс істеуге барды Елбасы Қазақстанның халық әртісі Жәния Әубәкірованы қабылдады Қытайда жаңа коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты

Кеште балаларды қолдауға арналған оперетта мен мюзиклдердің танымал ариялары шырқалды. Дариға Назарбаева, Медет Шотабаев, Мейір Байнеш, Әлфия Кәрімова, Азат Мәлік, Азамат Жылтыркөзов, мемлекеттік «FORTE TRIO» триосы, «Астана Опера» театрының симфониялық оркестрі мен хоры, дирижер Абзал Мұхитдинов меймандарға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Кешті театр және кино актері Шыңғыс Капин жүргізді.

Қор директоры Лаура Ахметова көрермендерге арнаған сөзінде көмек көрсеткендерге алғысын білдіріп, қайырымдылыққа жіберілген қаржының қайда жұмсалатынын айтып өтті.

«Өткен жылы фестиваль аясында 52 миллион теңге қаражат жиналып, төрт ауылдық балалар үйі арасында бөлінген болатын. Онда 209 бала қамтылды. Биыл 315 баланы қамтуды жоспарлап отырмыз. Фестиваль аясында жиналған барлық қаражат ауылдық жерлердегі балалар үйлерін жабдықтауға бағытталады. Қаражат жинау әлі де жалғасып отыр әрі қайырымдылық шарасына бәріміз де қатыса аламыз», - деді ол.

Биыл қайырымдылық жинағы ауылдық жерлердегі төрт балалар үйінің қажеттілігіне жұмсалады.. Олар Ақмола облысындағы балабақша-мектеп-интернаты, Шығыс Қазақстан облысындағы №8 балалар үйі, Қарағанды облысындағы жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Литвинск мектеп-интернаты және Қостанай облысындағы орталық жүйке жүйесі органикалық зақымдалған және психикасы бұзылған балаларға арналған Рудный мамандандырылған балалар үйі.

Қаражат сонымен қатар ерекше актерлер театрының жұмысын қолдауға бағытталады.

Еске сала кетсек, осыдан бірнеше күн бұрын «Дегдар» гуманитарлық қоры және «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы елордада дәстүрлі «Сиқыр әуендері» қайырымдылық фестивалін өткізген болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Мәдениет, Өнер,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT