+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Елордада кәмелетке толмаған балалар автобуста тегін жүретін болды

2020 жылғы 27 ақпан 13:04
Бөлісіңіз:
Елордада кәмелетке толмаған балалар автобуста тегін жүретін болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада кәмелетке толмаған балалар қалаішілік қоғамдық көлікпен тегін жүретін болды. Бұл туралы «CTS» ЖШС басшысы Бекмырза Игенбердинов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

«28 наурыздан бастап кәмелетке толмаған барлық балалар елордада қоғамдық көлікте тегін жүреді. Біз осындай шешім қабылдадық», - деді компанияның басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов.

Еске сала кетсек бұған дейін елордадағы қоғамдық көлікке жауапты «Astana LRT» ЖШС атауы өзгергенін хабарлаған еді.

«Әу баста елордадағы халықтың саны 1 миллионға тек 2030 жылы жетеді деп болжанған еді. Алайда өздеріңіз көріп отырғандай, қала тез өсіп келеді. Компанияның жұмысын жандандырып, ребрендинг жүргізіп жатырмыз. Бұдан былай компаниямыздың атауы - City transportation systems, яғни қысқарта айтқанда CTS болмақ», - деді елордада өтіп жатқан көрме-конференция барысында Бекмырза Игенбердинов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT