Елордада КамАЗ жүргізушісі полицейлерге бағынбай, төбелес шығарды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - КамАЗ жүргізушісі полиция қызметкерлерінің көлікті тоқтату туралы бұйрығын елемей, қашып кетуге тырысқан. Содан кейін полицейлерге шабуыл жасаған, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

«Оқиға бірнеше күн бұрын Нұр-Сұлтан қаласы маңында болған. 39 жастағы КамАЗ жүргізушісі полиция қызметкерлерінің көлікті тоқтату туралы бұйрығын елемей, қашып кетпек болған. Сондай-ақ, жүргізуші патрульдік көлікпен соқтығысып, тәртіп сақшыларына күш көрсеткен», - деп хабарлады елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 380-бабы, 3-бөлігі, 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Сот шешімімен күдікті екі ай мерзімге қамауға алынды. Жанжалдың видеосы әлеуметтік желілерге тарады.


Соңғы жаңалықтар