Елордада қаламаңына қатынайтын автобустар қалай жүреді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада қаламаңындағы ауылдарға қатынайтын автобустар бағдары өзгертілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат CTS компаниясына сілтеме жасап.

«№№ 300, 305, 308, 309, 310, 312, 315, 316, 317 бағдарлар қозғалысы уақытша тоқтатылды.

№№ 301, 302, 303, 304, 306, 307, 311, 313, 314, 318, 319, 320, 321, 322, 326 қала маңына қатынайтын бағдарлар желіде», делінген хабарламада.

Компанияның хабарлауынша, Малотимофеевка ауылының маңында блок бекет орнатуына байланысты №318 қала маңына қатынайтын бағдар қозғалысы уақытша тоқтатылды.

№304, 322 бағдар Жібек жолы ауылына тас жол арқылы кіреді.
№ 306 бағдар Талапкер ауылына кірмейді. «Талапкер ауылы» аялдамасынан кері бұрылады.
№307 бағдар Алай базарына кірмейді.

«19 наурыздан бастап қала маңына қатынайтын бағдарлар жексенбі күнгі кестемен жүреді.

Барлық қалалық, экспресс және қала маңына қатынайтын бағдарлар сағат 21:00-ге дейін жүреді», делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар