Елордада қала маңына қатынайтын үш автобус уақытша жүрмейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Кейбір тасжолдардың жабылуына байланысты қала маңына қатынайтын №310, 317, 318 бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Astana Smart Bot-қа сілтеме жасап.

Ал мына бағдарлардың бағыты өзгерді:

№ 315 бағдар Ижевск ауылына кірмейді.

№ 306 бағдары Талапкер ауылында Мәдениет, Баршын, Қажымұқан көшелерімен жүрмейді. «Талапкер ауылы» аялдамасына дейін жүреді.

№ 326 бағдары Талапкер ауылының соңғы аялдамасына дейін бармай, «Эдем» аялдамасына дейін жүреді.

№ 307 бағдар «Алай» базарына кірмейді.

№ 305, 312 бағдарлары Қаражар ауылына кірмейді.

№ 314 бағдар Қызылсуат ауылының соңғы аялдамасына дейін жүрмейді.

Басқа қаламаңы бағдарлары өзгеріссіз жүріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар