Елордада қала маңына қатынайтын қоғамдық көліктер қозғалысы тоқтатылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада қала маңы бағдарларында қоғамдық көліктер қозғалысы тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Астана LRT» ЖШС-іне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, №№ 313, 314 және 318 қала маңы маршруттарындағы қозғалыс тоқтатылды.

Ал № 308 бағдары Қызылжар кентіндегі соңғы аялдамаға бармаса, № 315 бағдары Аршалы кентіне соқпайды. № 24 бағдары «ЖМ «Автоматика» аялдамасына және «№ 39 разъездке» жетпей тоқтайды»,-делінген «Астана LRT» ЖШС ресми сайтындағы хабарламада.

Соңғы жаңалықтар