Елордада қала маңына қатынайтын автобус бағдарлары тоқтатылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Астанада қала маңына қатынайтын автобус бағдарлары тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана LRT компаниясына сілтеме жасап.

«Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Тас жолдарының жабылуына байланысты барлық қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы уақытша тоқтатылды. Қозғалысты қалпына келтіру туралы қосымша хабарланатын болады», делінген хабарламада.

Көктайғақ байланысты және қар қалың жауып, жел күшейіп жолдың көрінуі нашарлап кеткендіктен сағат 19:00-ден бастап ел астанасынан Қарағанды облысы, Павлодар облысына баратын күре жол, Қорғалжын ауданы, Қабанбай батыр ауылы бағытындағы жолдарда барлық көлік түрлерінің жүрісі уақытша шектелді.

Еске сала кетсек, қалың қар жауып, жолдардың көктайғақ болуына байланысты «Нұр-Сұлтан-Теміртау» және «Нұр-Сұлтан-Щучинск» жолдарында көлік қозғалысы тоқтатылған болатын.

Ал тағы да еліміздің қандай өңірлеріндегі жолдарда көлік жүрісіне шектеу қойылғанын мына сілтемеден біле аласыз.

Соңғы жаңалықтар