Елордада қала маңына қатынайтын 8 бағдардағы автобус тоқтатылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада қала маңына қатынайтын 8 автобус маршруты уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы City Transportation Systems компаниясының Фейсбуктегі парақшасында жазылды.

«Ауа райының қолайсыздығына (қатты аяз -30 - 38) байланысты қала маңына қатынайтын №№ 305, 308, 309, 310, 312, 315, 316, 317 бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылды.

Басқа қала маңына қатынайтын бағдарлар линияда» делінген хабарламада.

Сондай-ақ, компания 3-4 қаңтарда барлық автоусбатр түнгі 23:00-ге дейін ғана қатынайтынын хабарлайды.


Соңғы жаңалықтар