Елордада қала маңына қатынайтын 20 автобустың қозғалысы тоқтатылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада ауа райының қолайсыздығына байланысты қала маңына қатынайтын бірқатар бағдардың қозғалысы шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқандай, «Астана LRT» ЖШС ақпаратына сәйкес, жолдарды қар басуына байланысты №304 және 322-бағдарлар қозғалысы тоқтатылды. Сондай-ақ №300, 302, 305, 306, 307, 308, 309, 310, 311, 312, 313, 314, 315, 316, 317, 318, 319 және 326-бағдарлар қаладан шығатын трассалардың жабылуына орай уақытша қатынамайды.

Қазіргі уақытта жолаушыларды тасымалдаумен № 303 және 320-бағдарлар ғана айналысуда.



Соңғы жаңалықтар