Елордада қала көшелерін қардан тазартуға 1393 техника жұмылдырылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақпанның 21-нен 22-не қараған түні елордада қар тазалау жұмыстарына 1070 техника бірлігі мен 144 жол жұмысшылары жұмылдырылып, 34092 текше метр қар шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

22 ақпанда қала көшелерін қардан тазарту жұмыстарына 1393 техника мен 1632 жол жұмысшылары тартылды. Жалпы осы уақытқа дейін барлығы 4 млн 363 мың 247 текше метр қар шығарылды.


Соңғы жаңалықтар