Елордада іздеуде жүрген ер адамның алиментін туған-туыстары төлеп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада іздеуде жүрген ер адамның алиментін туған-туыстары төлеп жатыр. Сот орындаушылар хабарсыз кеткен ер адамның бауырының көлігін тәркілеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сот орындаушылар Нұр-Сұлтан қаласында 2002 жылғы жас жігіттің – қарыз иесінің бауырының Lexus ES300 көлігін тәркіледі. Автокөлікті тәркілеу барысында іздеуде жүрген ер адамның туыстары оның қарызын бұрынғы келініне төлеп жатқаны анықталған.

Сол үйдің келіні автокөліктің тәркіленіп жатқанын естіп, қарыз иесінің ата-анасына келіп, алименттің төленгені туралы өтінім жазды.

Алдағы уақытта ұлының қарызын әке-шешесі жабатын болды.

«Көлікті тәркілегеннен кейін екі күннен соң сот орындаушылары оны қайтарып берді. Анықталғандай, қарыз иесінің мемлекет алдында тағы 7 міндеттемесі болған. Оны да туған бауыры төлеп жатыр», - дейді Нұр-Сұлтан қаласының жеке сот орындаушылар палатасы басшысының орынбасары Мадина Жанасаева.

Іздеуде жүрген ер адамның 2018 жылдың тамызынан бергі 1,5 миллион теңге қарызы өтелген.

Жалпы бұл адам екінші рет ажырасқан. Алғашқы некесінен - үш, екінші некесінен - екі бала қалған.


Соңғы жаңалықтар