+7 (701) 759 90 19
USD 420.32 EUR 509.34
RUB 5.7 CNY 64.85
Jańalyqtar

Елордада іздеуде жүрген 9 қылмыскер ұсталды

2020 жылғы 26 қараша 16:30
Бөлісіңіз:
Елордада іздеуде жүрген 9 қылмыскер ұсталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда аумағында өтіп жатқан «Құқықтық тәртіп» алдын алу шарасының үш күнінде 2 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, оның ішінде кішігірім бұзақылықтың – 163, тыныштықты бұзудың – 263, қоғамдық орында ішімдік ішудің 391 фактісі бар. Көлікті мас күйінде жүргізген 6 жүргізуші де қолға түсті. Мұнан бөлек, полиция қызметкерлері тұрғын үй алаптарын аралап, 8 135 пәтерді, 1 544 үйді және 324 саяжай нысандарын қарап шықты. Есепте тұрған 869 тұлға мен 54 тұрмысы нашар отбасы тексерілді.

«Елорданың полиция қызметкерлері «Құқықтық тәртіп« алдын алу шарасы барысында 3 күннің ішінде 48 қылмысты ашып, іздеуде болған 9 қылмыскерді ұстады. «Сарыарқа« аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері құрылыс нысандарында ұрлық жасаумен айналысқан 3 күдіктіні ұстады. Олар үш күн бойы түн ортасында құрылыс материаларын шығарып алған. Ұрылар 25 жылыту батареясын, пішінді қаңылтырлар мен шыны мақталарды қолды қылған. Ұрлыққа жөн сілтеуші әрі ұйымдастырушы құрылыс нысанында жұмыс істейтін адам екендігі анықталды. Ұрлылар келтірген шығын 350 мың теңгені құрайды. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабымен қылмыстық іс қозғалды», - деді департаменттен.

Сонымен қатар ведомствоның міліметінше, тыйым салынған заттарды заңсыз сақтағаны немесе алып жүргені үшін 27 адам ұсталды. Оның ішінде есірткі затын сақтаған 18 азамат ұсталып, олардан 500 грамнан астам есірткі заты, 1,4 грамм героин тәркіленді. Мұнан бөлек, атыс қаруымен 3 адам ұсталып, олардан 49 оқ-дәрі алынды. Мәселен, 25 қараша күні кешқұрылым Е-22 көшесінің бойында полиция қызметкерлір 48 жастағы азаматты тоқтатып, одан ұңғымасы жоқ тапанша тәркіледі. Ұсталған азаматтың үстінен ҚР ҚК 287-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT