+7 (701) 759 90 19
USD 426.14 EUR 497.05
RUB 6.02 CNY 66.69
Jańalyqtar

Елордада із-түзсіз жоғалған қыздың мәйіті табылды

2021 жылғы 22 қыркүйек 18:40
Бөлісіңіз:
Елордада із-түзсіз жоғалған қыздың мәйіті табылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 19 жастағы бойжеткеннің денесі Есіл өзенінен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада «Автомобиль» жедел алдын алу шарасы барысында ұрланған 28 көлік табылды Шымкентте қоқыстың арасынан нәрестенің мәйіті табылды 2022 жылы елордада ескі үйлердегі тұрғындардың мәселесі шешіледі

Полицияға қыздың анасы оның жоғалғанын айтып, шағым түсірген. Бойжеткен осы жылдың 19 қыркүйегінде сағат 11:00-де үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Оны іздеуге Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің жеке құрамы, Ұлттық ұланның жеке құрамы, еріктілер кіріскен. Соңғы рет қызды Бараев көшесіне қарай көпірден көргені анықталды. Оны іздеуге сүңгуірлер тобы тартылды.

«Осы жылдың 22 қыркүйегінде сағат 11:20-да полиция қызметкерлері ТЖМ жедел-құтқару жасағымен бірге Есіл өзенінен қыздың денесін тапты. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметінен.

Еске салайық, Нұр-Сұлтанда 2002 жылғы қыз жоғалып кеткен еді. Оны Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің жеке құрамы, Ұлттық гвардия жеке құрамы, еріктілер іздеген болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT