Елордада ит пен мысық асырауға лицензия алу талабы енгізілмек

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елордада ит және мысық асырау үшін рұқсат беретін лицензия енгізу ұсынысы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне жолданды. Бұл туралы бүгін бас шаһардың маслихатында өткен тұрақты комиссияның отырысында Астана қалалық орта сапасы мен бақылау басқармасының басшысы Дәулет Досқұлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Астанада Экология министрлігі бекіткен үй жануарларын ұстаудың және серуендету мен оларды аулаудың, уақытша ұстаудың және жансыздандырудың қағидалары бекітілді. Бүгінде министрлікке иттер мен мысықтарды асырау үшін рұқсат беретін лицензия түрін енгізу қажеттігі туралы нақты ұсыныстар жолданды», - деді Дәулет Досқұлов.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта «Таңба» жануарларды есепке алудың бірыңғай ақпараттық жүйесі жұмыс істейді. Ол тек елордада ғана емес, республика бойынша үй жануарларының нақты санын анықтауға мүмкіндік береді. Дәулет Досқұловтың дерегінше, жыл басынан жануарларды серуендету ережесін бұзған 462 елордалық жауапқа тартылған. Оларға салынған айыппұлдың жалпы сомасы 2 млн 700 мың теңге.


Соңғы жаңалықтар