Елордада Ironman жарысына байланысты жолдар жабылды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордада Ironman халықаралық триатлон жарыстары өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Хабар24kz сайтына сілтеме жасап.

Осыған байланысты Бейбітшілік пен Келісім сарайы маңындағы Момышұлы және Тәуелсіздік даңғылдары, Байтұрсынов, Қалдаяқов және Нәжімеденов көшелері жартылай жабылды.

Сонымен қатар жарыс өтетін Достық, Әлихан Бөкейхан, Керей-Жәнібек, 38-көшелері, Мәңгілік Ел және Ұлы Дала даңғылдарында қозғалыс шектелді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жабылған көшелердің толық картасын навигациялық қосымшадан онлайн көруге болады. Сондай-ақ жолаушылар көлігінің қозғалыс сызбасы өзгерді. Қала тұрғындары мен қонақтарынан маршрутты алдын-ала жоспарлауды сұрайды.


Соңғы жаңалықтар