Елордада ірі жол апатын жасаған шетелдіктің үстінен іс қозғалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қалалық ішкі істер департаменті 5 тамыз күні елордада орын алған ірі жол-көлік апатына кінәлі азаматқа қатысты қандай шара қолданылатындығын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аталған ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2018 жылдың 5 тамызында Астананың Сарайшық көшесі бойынша Әзербайжан азаматы Э.Р.Әлиев басқарған «BMW» маркалы автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алып, төрт машина соқтығысты.  Кінәлі азаматқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалғанын хабарлаймыз», - делінген таратылған ақпаратта.

Іс Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданған.

Сонымен қатар Астана қалалық ішкі істер департаменті Әлиевке қатысты міндетті сақтандыру келісімшартын жасаудан бас тартқаны үшін әкімшілік өндірістің қозғалғанын атап өткен. Оған 10 АЕК көлемінде айыппұл салынған.

Естеріңізге сала кетсек, 5 тамыз күні  BMW маркалы көліктің жүргізушісі ірі жол-көлік апатын жасап, салдарынан 4 машина бүлінген болатын.

Соңғы жаңалықтар