Елордада интимдік қызмет көрсететін 13 қыз полицияға жеткізілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда полициясы интимдік, боди-массаж және жеңгетайлық қызмет көрсететін тұлғаларды анықтауға бағытталған рейдтік шаралар өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шара барысында полицейлер Біржан сал көшесі бойынан жыныстық қызмет көрсету үшін қыздар ұсынған әйелді жеңгетайлық фактісі бойынша ұстады. Сондай-ақ тексеру жұмыстарын жүргізу барысында қаладағы тұрғын үй кешендерінің бірінен қыздар интимдік қызмет көрсетіп келген массаж салоны мен пәтер анықталды.

«Полицияға 20 мен 29 жас аралығындағы 13 қыз жеткізілді. Жезөкшелікпен айналысуға үй-жай берген жылжымайтын мүлік иелеріне қатысты 6 әкімшілік хаттама толтырылды», - делінген Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті таратқан ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар