Елордада интернет алаяқтықтың мыңнан астам фактісі анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада интернет алаяқтықтың 1161 фактісі анықталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Дмитрий Демидов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта интернет, әлеуметтік желі арқылы алаяқтық жасау мен жаппай қаржы пирамидаларын құру үлкен проблемаға айналып отыр. Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласында интернет алаяқтықтың 1100-ден астам фактісі анықталған. Қылмыстың бұл түрінің тіркелу көрсеткішінің төмендей бастағанын да байқап отырмыз. Алайда, бұл қылмыс түрі жылдан жылға кеңейіп, тек елордада ғана емес бүкіл ел аумағында, ТМД кеңістігінде таралып бара жатыр. Қазіргі уақытта 1161 алаяқтық қылмысының жартысынан астамы, нақты айтқанда 700-дейін интернет алаяқтық құрап отыр. Бұл қылмыс түрінің шамамен 60 пайызы ашылды», - деді ол.

Оның атап өтуінше әлеуметтік желі пайдаланушылар қатарының жылдан жылға арта түсуі себепті бұл қылмыс түрі елордамызда кеңінен таралып жатыр.

«Бүгінде көңіл көтерудің кеңінен тараған түрінің бірі - интернет желісі екендігін бәріміз жақсы білеміз. Біз интернет желісінде өмір сүріп жатырмыз десек те болады. Интернеттен хабарландырулар іздеп, танысып жатамыз, әңгімелесеміз. Бұған қоса жарнама компаниялары да тауарлары мен қызметтерін ілгерілету үшін түрлі мессенджерлерді, әлеуметтік желілерді қолданады. Дәл осыны қылмыскерлер де, алаяқтар да қитұрқы әрееттерінде пайдаланады», - деді Дмитрий Демидов.


Соңғы жаңалықтар