Елордада инноваторларды шыңдайтын «Market Tech» хакатоны басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «Techstars Startup Week Qаzaqstan» шарасы аясында «Market Tech» хакатоны (форумы) басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Techstars Startup Week Qаzaqstan - әлемнің әртүрлі қалаларында өткізіліп, жергілікті кәсіпкерлік бірлестіктерді дамытып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу мақсатында жас кәсіпкерлерді, жергілікті көшбасшылар мен дарынды адамдарды біріктіретін бірегей шара.

«Мемлекет біздің шараға қызығушылық танытады. Біз бір алаңға жинала отырып, шетелдік мамандар мен компания өкілдерін шақырып, инновациялық экожүйені құруға атсалысамыз. Әлбетте, адамдарды инновация құруға мәжбүрлей алмаймыз. Бірақ, ол іспен айналысатын адамдарға сұраныс пен мамандарды тарту жағынан, мемлекеттік қолдауды қалай алуға болатыны және бизнеспен қалай айналысу керектігі жөнінен көмектесе аламыз. Міне, сол үшін осындай шаралар өткізіледі», - дейді «Астана Innovations» Басқарма төрағасы Олжас Сартаев.

Сонымен бірге, «Астана Innovations» басшысы республикамыздың интеллектуалдық әлеуеті өте жоғары екенін атап өтті. Қазақстан физика, химия, математика, биология пәндерінен өтетін хаықаралық олимпиадалардан әрдайым орын алып жүр.

«Осындай жеңімпаз адамдарды дұрыс инфрақұрылыммен қамтамасыз етіп, бизнес құрып, нарыққа қалай шығу керектігін көрсету керек. Мемлекет пен жергілікті атқарушы органдар да бұған қызығушылық танытып отыр», - дейді Олжас Сартаев.

Соңғы жаңалықтар