Елордада ХҚО-лар сенбі күні де жұмыс істейтін болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласы бас санитар дәрігерінің шешімімен елордалық ХҚО-лардың жұмыс кестесі өзгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Енді олар қызмет алушыларды дүйсенбі-жұма күндері аралығында 09.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі 09:00-ден 18:30-ге дейін қабылдайды. Дегенмен, құжаттандыру бөлімі (жеке куәлік, паспорт) жұмыс күндері 09:00-ден 18:30-ға дейін және сенбі 09:00-ден 14:00-ге дейін қызмет көрсетеді.

Естеріңізге сала кетсек, бұдан бұрын елордалықтар ХҚО-ға тек дүйсенбі-жұма аралығында жүгіне алатын. Сол себепті осы күндері жұмыс істейтін азаматтардың жұмыстан тыс уақытты таңдау мүмкіндігі шектеулі болды. Қызмет көрсету уақытының ұзаруы мемлекеттік қызмет көрсету процесін бірқалыпты етіп, елорда тұрғындарының сұранысына жауап беруге мүмкіндік береді.

Ал автоХҚО-ның жұмыс уақыты өзгеріссіз қалды. Көлік құжаттары жұмыс және сенбі күндері 09.00-ден 18:00-ге дейін қабылданса, дайын құжаттар 09.00-ден 20.00-ге дейін берілетін болады.

Сондай-ақ, әлі де карантин талаптарын сақтау сұралатындықтан, ХҚО-да алдын ала брондау арқылы тек қана қағаз жүзінде ұсынылатын қызметтер көрсетіледі. Қызмет алушылар ХҚО-дағы кезек уақытын egov.kz порталы, eGovKzBot2.0 телеграм-боты және 1414 нөмірі арқылы брондай алады.


Соңғы жаңалықтар