Елордада халықаралық теннис турнирі мәреге жетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат – Елордада теннистен жасөспірімдер арасында J3 Nur-Sultan Open додасы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлемнің үздік жас теннисшілері қатысқан байрақты бәсеке бүгін аяқталды. 5 күнге созылған халықаралық теннис жарысын Халықаралық теннис қауымдастығы мен Қазақстан теннис федерациясы бірлесіп ұйымдастырды.

Жекелей сында қыздар арасында Қазақстан құрамасының өкілі Татьяна Николенка финалда командаласы Аружан Сағындықовамен кездесті. Кездесу 6/4, 6/3 есебімен Татьяна Николенконың пайдасына аяқталды. Ұлдар арасында ресейлік Михаил Горохов отандасы Максим Жуковпен финалда өнер көрсетті. Нәтижесінде 6/1, 6/2 есебімен Михаил Горохов жарыс жеңімпазы атанды.

Айта кетейік, турниге АҚШ, Германия, Ресей, Өзбекстан, Беларусь және Украинаның үздік жасөспірім теннсшілері келді. Қазақстан намысын еліміздің жас спортшылары – Николенко Татьяна, Карлова Елизавета, Сағындықова Аружан, Озерной Данил, Хайрутдинов Артур және басқалар қорғады.

Жарыс жеңімпаздары ITF жасөспірімдер рейтингінде 100 ұпай иеленді.


Соңғы жаңалықтар