Елордада Халықаралық студенттік кинофестиваль өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 23-26 сәуір аралығында Нұр-Сұлтан қаласында «Ұшқын» II Халықаралық студенттік кинофестивалі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кинофестиваль Жастар жылына орай ұйымдастырылуда. Мақсаты - жас кинематографистерге қолдау көрсету, үлкен киноға жол ашу.

Шара барысында конкурстық көрсетілімдер, дөңгелек үстел отырыстары мен шеберлік сабақтар өтеді.

Қазылар алқасының құрамында профессор, режиссер, Еуропалық киноакадемияның мүшесі Giovanni Robbiano (Генуа, Италия), профессор, кинорежиссер Эрнест Әбдіжапаров (Бішкек, Қырғызстан), Санкт-Петербург кино және теледидар мемлекеттік институтының профессоры Сергей Ландо (Санк-Петербург, Ресей), режиссер, кино және телевидение саласындағы «Мемлекет мақтанышы» жыл сайынғы сыйлығының негізін қалаушы Жандос Құсайынов, кинотанушы, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры Назира Мұқышева және тағы басқалар бар.

Фестиваль Қазақ ұлттық өнер университетінде өтеді. Оған Қазақстан, АҚШ, Жапония, Италия, Франция, Оңтүстік Корея, Польша елдері киномектептерінің студенттері түсірген фильмдер ұсынылып отыр.

Соңғы жаңалықтар