Елордада халықаралық экологиялық конгресс өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада 3 маусым күні «Болашақтың бағдары – тұрақтылық!» атты «ECOJER» Халықаралық конгресі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ECOJER» қауымдастығының мәліметінше, бірінші Халықаралық экологиялық конгресс «Болашақтың бағдары – тұрақтылық!» ұранымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылады. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен өтетін іс-шара Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында өтеді.

Конгрестің мақсаты - экология, тұрақты даму, «жасыл» инвестициялар үлесін арттыру, экологиялық мәдениет пен қоғамның хабардарлығын арттыру мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу үшін барлық мүдделі тараптардың күш-жігерін біріктіру және тәжірибе алмасу.

Іс-шараға министрліктердің өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, өнеркәсіптік кәсіпорындардың басшылары, эко-белсенділер, халықаралық даму институттарының өкілдері және басқалар қатысады. Конгресс барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып ұйымдастырылады.


Соңғы жаңалықтар