Елордада халық жазушылары Әбіш Кекілбаев пен Фариза Оңғарсынованың көрмелері ашылды

None
None
sp;АСТАНА. Қарашаның 24-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін елордадағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында халық жазушылары Әбіш Кекілбаевтың «Әлем әдебиетінің ақтаңгері» және Фариза Оңғарсынованың «Поэзия падишасы» атты көрмелерінің ашылу рәсімі болды,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шараның ашылу салтанатында сөз сөйлеген ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры  Рақымжан Отарбаевтың айтуынша, бүгін ашылып отырған көрме қазақтың екі бірдей халық жазушысының 70 жылдық мерейтойларына арналған. Бір айға созылатын көрме барысында екі қаламгердің шығармалары насихатталады. Қазірдің өзінде елорданың 50 мектебінің оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттері осы көрмені тамашалауға кезекке тұрған.

Ол ашылу рәсімге арнайы қатысқан Ф.Оңғарсыноваға өз тілегін жеткізе келіп, «Сіздің поэзияңыз атақты Доспанбеттің, Шалкиздің, қарға бойлы Қазтуғанның, Махамбеттің  үлкен жалаугер, майданбоз поэзиясының  жалғасы», деп атап өтті. Сонымен қатар Ә.Кекілбаевтың депутаттық қызметіне байланысты  іссапарда жүргендігін,  көрмеге ол кісінің жары Клара апаның келгендігін айта келіп, «Әбіш аға «могиканның соңғы тұяғындай» қазақтың ұлы жазушысы. Қазақ әдебиетіне, әлемдік әдебиетке «Үркер», «Елең-алаң», «Шыңырау», «Күй» сияқты ғажайып дүниелерді сыйлаған тұлға, ұлы қаламгер», деді. 

Көрмеге екі қаламгердің жарық көрген кітаптары,  мемлекеттік және қоғамдық қызметтеріне байланысты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдар және фотоқұжаттар қойылған.

Соңғы жаңалықтар