+7 (701) 759 90 19
USD 375.87 EUR 406.24
RUB 5.84 CNY 53.45
Jańalyqtar

Елордада «Халық сүйіктісі» сыйлығы тапсырылды

2020 жылғы 18 қаңтар 17:08
Бөлісіңіз:
Елордада «Халық сүйіктісі» сыйлығы тапсырылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада «Халық сүйіктісі» сыйлығын тапсыру салтанатты шарасы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әрбір қазақстандық халықтың сүйіктісі болуға тырысады. Қолынан келгенше соған қызмет жасайды. Бүгінгі байқаудың соған арналғаны біз үшін өте қуанышты. Қазақ еліне қызмет істеп, қазақстандықтардың абыройын басқа елдерде көтеріп жүрген азаматтар көп. Дегенмен, қазақ айтпақшы, «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар« болғандарды 9 жылдан бері анықтап келе жатқан «Халық сүйіктісі« сыйлығының орны ерекше», - деді салтанатты шара барысында жылдың спорт пен мәдениет саласындағы үздіктерін марапаттауға шыққан ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев.

Сонымен вице-премьер «Жылдың үздік спортшысы» аталымымен дюздошы Елдос Сметовті, «Жылдың үздік спортшы қызы» аталымымен мәнерлеп сырғанаушы Элизавет Тұрсынбаеваны, «Алтын дәуір» арнайы жүлдесімен Мұхамеджан Төлегенов пен Анатолий Құлназаровты, «Жылдың үздік мәдениет қайраткері» аталымымен әнші Димаш Құдайбергенді марапаттады.

«Отандық дипломатияны дамытуға қосқаны үшін» құрметті сыйлығы Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшісі Ерлан Ыдырысовқа, «Жыл қалауы» құрметті сыйлығы Динара Закиеваға, «Жылдың үздік интернет порталы» сыйлығы Информбюроға, «Блогосфера көшбасшысы» сыйлығы Самат Нұртазаға, «Жыл жобасы» арнайы сыйлығы ҚР Ұлттық музейі ұжымына берілді.

Ал «Жылдың үздік мұғалімі» Нұр-Сұлтан қаласындағы экономикалық лицейдің мұғалімі Ербол Әренов пен Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің проректоры Түймеш Дәрішева, «Жылдың үздік дәрігері» ҚР ПІБ №1 МОАхирургия бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Талапбек Әженов атанса, «Жылдың үздік парламентарийі» Мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаев болды. «Жылдың әлеуметтік жобасы» құрметті сыйлығы Шаттық Сүйінішоваға, «Жыл әскери адамы» құрметті сыйлығы суға батқан 2 жасар баланы құтқарып қалған әскери қызметші Әлішер Табылдиевке, «ТМД кеңістігіндегі мәдениетаралық диалог үшін» құрметті сыйлығы ресейлік суретші Никас Сафроновқа берілді.

«Жылдың үздік фермері» құрметті сыйлығы Алтынбек Сапаров пен Еркін Боқановқа, «Жылдың әлеуметтік бизнесі» құрметті сыйлығы «Үміт-НТ» ЖШС басшысы Майра Жароваға, «Табыс пен даму» құрметті сыйлығы Нұр-Сұлтан қаласының параолимпиадалық жаттығу орталығының ұжымына, «Батыл жүрек» құрметті сыйлығы пойызда жас келіншекті босандырып алған Меруерт Қорабаеваға, «Жылдың үздік инвестициялық жобасы» құрметті сыйлығы«Сарыарқа Автоөнеркәсіп» кәсіпорнына табысталса, «Жылдың үздік кәсіпкері» сыйлығы «Гормолзавод» ЖШС-нің бас директор Асен Жақсылықовқа бұйырды.

«Жылдың үздік қоғам қайраткері» сыйлығымен Шасалим Шағалиев, «Жылдың үздік публицисті» сыйлығымен көсемсөзші Бақытқожа Рүстемов, «Жылдың үздік маркетингтік жобасы» құрметті сыйлығымен Нағи Бақытбеков, «Жылдың үздік тревкл блогері» сыйлығымен бизнесмен Мирас Шекенов, «Жылдың үздік вайнері» сыйлығымен Серғазы Тоқтарбек марапатталды.


Ал «Жылдың үздік тележүргізушісі» сыйлығы КТК телеарнасының журналисі Гүлмира Әбіқайға берілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: ҚР Үкіметі, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT