Елордада Гейдар Әлиевтің туғанына 96 жыл толуына орай конференция өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда Әзербайжанның мемлекет және қоғам қайраткері Гейдар Әлиевтің туғанына 96 жыл толуына орай конференция өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін Қазақстандағы Әзербайжан елшілігінің ұйымдастыруымен әзербайжан xалқының даңқты перзенті Гейдар Әлиевтің туғанына 96 жыл толуына орай арнайы конференция өтті», - деп жазды Халықаралық Түркі академиясының президенті, EGEMEN QAZAQSTAN газетінің бас редакторы Дархан Қыдырәлі Facebook парақшасында.

null

Гейдар Әлиев - қазіргі демократиялық және өркендеуші мемлекет - Әзірбайжан Республикасының негізін қалаушы. Мемлекет және қоғам қайраткері. 1993-2003 жылдар аралығында Әзербайжан Республикасының президенті болған. Екі рет Социалистік Еңбек Ері атанған.

Гейдар Әлиев Әзербайжан мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірген. Әзербайжан ССР Министрлер кеңесі жанындағы КГБ төрағасы, Әзербайжан ПК ОК бірінші хатшысы, КПСС ОК Саяси бюросының мүшесі, СССР Министрлер кеңесі төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. Генерал-майор. 1987 жылы қызметінен отставкаға кетті.

1990 жылы Отанына оралған соң әуелі Әзербайжан ССР Жоғары кеңесінің депутаты, Нахшыван автономиялық республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болып сайланды, кейіннен Әзірбайжан Жоғары Кеңесі төрағасының орынбасары болды. 1991 жылы 19 шілдеде Әлиев өз еркімен компартия қатарынан шықты. 1992 жылдың қарашасынан бастап «Жаңа Әзербайжан» партиясына жетекшілік етті. 1993 жылы Гейдар Әлиев Әзербайжан Республикасының Президенті болып сайланды.

null

Гейдар Әлиев билікке келгеннен кейін елде саяси тұрақтылық орнады. Ол Таулы Қарабақ оқиғасымен байланысты әзербайжан-армян қақтығысының бәсеңсіп, бір қалыпқа түсуіне көп еңбек сіңірді. Сыртқы және ішкі саясатта бейбітшілік, бітімгершілікті сақтауға, Әзербайжан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігін қорғауға, экономикалық байланыстар саласында өзара тиімді уағдаластықтарға қол жеткізуге баса көңіл бөлді. Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы достық пен ынтымақтастықты, түркі тілдес елдер арасындағы бірлікті нығайтуға елеулі үлес қосты.

Соңғы жаңалықтар