+7 (701) 759 90 19
USD 425.85 EUR 499.78
RUB 5.82 CNY 65.87
Jańalyqtar

Елордада Гейдар Әлиев көшесіндегі учаскеде қозғалыс уақытша жабылды

2021 жылғы 19 шілде 16:20
Бөлісіңіз:
Елордада Гейдар Әлиев көшесіндегі учаскеде қозғалыс уақытша жабылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Гейдар Әлиев көшесінде жол төсемін орташа жөндеу жұмыстарын бастайды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада кішкентай қызға тиісті деген күдікпен ер адам ұсталды 1700-ден астам әйел саяси себептермен сотталып, ақталмаған Елордада «Жастар жалыны-2021» шығармашылық байқауы басталды

Жөндеу жұмыстарына байланысты биыл 19-25 шілде аралығында Гейдар Әлиев көшесінің Асқар Тоқпанов көшесінен Белжайлау көшесіне дейінгі бөлігі автокөлік қозғалысы үшін ішінара жабылатын болады.

«Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды өтінеміз», - делінген көлік басқармасының хабарламасында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT