+7 (701) 759 90 19
USD 418.67 EUR 507.64
RUB 5.71 CNY 64.74
Jańalyqtar

Елордада газ баллонын пайдалану ережесін сақтамаған кафелерге ескерту жасалды

2020 жылғы 28 қараша 22:46
Бөлісіңіз:
Елордада газ баллонын пайдалану ережесін сақтамаған кафелерге ескерту жасалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада арнайы комиссия газ баллонын пайдаланатын шағын және орта бизнес субъектілерін тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Елордада газ баллондарын пайдаланатын нысандарға мониторинг жүргізіліп жатыр. Комиссия құрамына ТЖД, әкімдік, тұрғын үй инспекциясы, ПД өкілдері кіреді. Кезекті сапар барысында мамандар Шұбар шағын ауданындағы «Джек и Чан», «Giraffe», «Arzu» кафелерінің қызметкерлеріне қауіпсіздік ережесін түсіндірді.

«Рейд барысында кейбір жерлерде газ баллоны жылу көздеріне өте жақын тұрады, қашықтық сақталмайды. Тағы бір мекемеде баллондар бір-біріне өте жақын жерде орналасқан, бұл да өте қауіпті. Сонымен қатар, иелердің өздері қай компанияның тауары екенін білмейді. Әкімшілік ескерту жасалды, 10 күн ішінде барлық кемшілік жойылуы тиіс», - дейді Тұрғын үй инспекциясы бөлімінің маманы Думан Жайлыбеков.

Жыл соңына дейін елорданың барлық аудандарында 1 мыңға жуық қоғамдық тамақтану орыны тексеріледі.

Еске сала кетейік, 21 қарашада астанадағы дәмхананың бірінде газ баллоны жарылып, 1 адам қаза тапты. Зардап шеккен 23 адам ауруханаға жатқызылды. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі жарылыс болған дәмханадан өрт сөндірушілердің 35 газ баллонын алып шыққанын жариялады.

Осы оқиғадан кейін қала әкімі Алтай Көлгінов Төтенше жағдайлар департаменті мен Полиция департаментіне қаладағы қоғамдық тамақтану нысандарында өрт қауіпсіздігін тексеруді тапсырды. Жұмыс тобына ТЖД, ІІМ, Тұрғын үй инспекциясы, әкімдік, өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің өкілдері кірді.

Ал 23 қарашада қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі жарылыста күйіп қалған 3 адам жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлаған еді. 25 қарашада жансақтау бөліміндегі бір адам көз жұмды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT