Елордада газ баллоны қауіпсіздігін қадағалайтын жұмыс тобы құрылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгінде елордада тұрмыстық газ баллоны қауіпсіздігін қадағалайтын арнайы жұмыс топтары жұмысын бастады. Бұл жайында Нұр-Сұлтан қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Әнуар Саипов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халық арасында тұрмыстық газ баллоны қауіпсіздігі шарасына қатысты түсіндіру жұмысын жиі өткізіп тұрамыз. Тұрғындарға газды дұрыс қолдану ережесін түсіндірумен қатар нұсқаулық таратылады. Бүгінде елордада осыған байланысты екі ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Оның біріншісі тұрмыстық газ баллонын қолдану қауіпсіздігін қадағалайды. Оның құрамына төтенше жағдайлар департаменті, өндіріс басқармасы және басқа да құзырлы органдардың өкілдері кірді», - деді Әнуар Саипов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, бүгінде елордада 478 нысанның тұрмыстық газ баллонын қауіпсіздігіне тексеру жүргізілді.

«Оның ішінде 446 нысан - қоғамдық тамақтану орны, 11 автогаз құю бекеті, 4 газ толтыру бекеті және тағы басқалар бар. Тексеріс нәтижесінде кейбір нысан иелері әкімшілік жауапқа тартылып, кейбіріне кемшілікті жоюға уақыт берілді. Екінші жұмыс тобының қызметі елордаға газ тартумен байланысты. Өздеріңіз білесіздер, бүгінде Нұр-Сұлтан қаласын газдандыру жұмысы қызу жүріп жатыр. Осы тұста топ мүшелері табиғи газға қосылған тұрғындар арасында түсіндіру шарасын өткізіп жатыр. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табады», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар