Елордада фрилансерлердің жазғы мектебі ашылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН: ҚазАқпарат - 22-29 шілде аралығында Астанада ерекше мұқтаж адамдарға арналған фрилансерлердің жазғы мектебі жұмыс істейтін болады. Жобаға қатысу үшін тіркелу 20 шілдеде аяқталады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің сайты.

Фрилансерлер мектебінің жұмысы қашықтықтан негізде жұмыс орнында жеке қатысуды талап етпейтін белгілі бір қызмет түрлерін көрсете алатын мүмкіндігі шектеулі адамдардың әлеуетін тартуға, сондай-ақ олардың кәсіби дайындық деңгейін арттыру үшін жағдай жасауға бағытталған.

Бағдарлама теориялық лекцияларды да, сондай-ақ әлеуметтік желілерде кешенді жылжыту, аудиовизуалды материалдарды монтаждау негіздері бойынша нақты тапсырмаларды талдай отырып, практикалық сабақтарды да, сондай-ақ ақпараттық жобаларды сүйемелдеудің тиімді PR-құралдарын қолдануды қамтиды.

Сабақтарды Карина Сеилова, Яков Федоров, Ұлан Әбішев, Рахим Қазкешев және Мира Билялова сияқты танымал жаттықтырушы-тәжірибелері өткізетін болады.

Мектеп «Park inn» by Radisson қонақ үйінде Сарыарқа даңғылы, 8а мекен-жайы бойынша сағат 10-нан 14.00-ге дейін кофе-брейк үзілісімен жұмыс істейтін болады.

Жоба «Қазақстан Даму Ассоциациясы» ЗТБ іске асырылуда. Кіру тегін. Сұрақтарды +7-702-302-77-37 телефон нөмірі арқылы қоюға болады.

Соңғы жаңалықтар