+7 (701) 759 90 19
USD 385.76 EUR 427.89
RUB 6.04 CNY 54.79
Jańalyqtar

Елордада Фариза Оңғарсынова көшесі ашылды

2019 жылғы 15 қараша 10:24
Бөлісіңіз:
Елордада Фариза Оңғарсынова көшесі ашылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада Фариза Оңғарсынова атындағы жаңа көше ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мәскеуде «Фариза» қойылымының тұсауы кесілді Атырауда Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған апталық қорытындыланды Атырауда Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығы аталып өтуде

Ақын есімі ЭКСПО-2017 маңында «Вена орамы» тұрғын үй кешені жанындағы жаңа көшеге берілді. Салтанатты ашылуға қоғам қайраткерлері, депутаттар және ақынның оқырмандары жиналды.



«Қазақтың ұлы ақыны, дара қызы Фариза апамыздың көшесіне келгендеріңіз үшін рахмет. Өткенді ұмытпай, еске алып, жаңа көшелердің біріне Фариза апамыздың есімін беріп отырмыз. Апамыз Парламент қабырғасында да халықтың мұңын жоқтап, көп еңбек сіңірді. Сондықтан, қазақтың осындай ұлы қызының есімін көшеге беру келесі ұрпаққа да тәрбиелік маңызын береді деп ойлаймын. Апамыздың аты мәңгі өшпесін. Бүгін түсте Фаризаның рухына ас береміз, қазір зиратына барып құран бағыштаймыз. Осы көше апамыздың есімімен даңғыл жолға айналсын», - деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен салтанатты ашылу рәсімінде.


Сонымен бірге, ашылуға келген жазушы және қоғам қайраткері Алдан Смайыл Фариза Оңғарсынова туралы естеліктерімен бөлісті.

«Ақынын сыйлаған елге әруақ та, Алла да риза болады. Фариза кең адам еді, мінезі қаттылау болғанымен, жан-жағына жақсылық жасап жүретін шалқар жан еді. Мына көшенің де өзіндей кеңдігін көріп, қуанып отырмыз. Фариза ақиқаттың ақыны болды, шындықты айтып өтті. Шындықты айтудың өзі – ерлік. Елдің шындығын, елдің мұңын өле-өлгенше күйттеп кетті. Ал қазір Фаризаға деген халықтың шексіз махаббатын көріп жүрміз. Фариза қазақтың қызы бола отырып, ұлы да бола білген адам. Қазақ өзінің игі жақсыларына ешкімді теңгермейді. Бірақ, Фаризаны Махамбетке теңеді. Мен дәл сондай ұлыларға теңеген басқа қайраткерлерді білмеймін. Фариза өз заманында Махамбеттің орнын жоқтатпаған, соны толтыруға тырысқан ұлы тұлғалардың бірі болды», - деді Алдан Смайыл.



Жаңа көшені ақынның ұлы Алмас Оңғарсынов пен Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен салтанатты түрде ашты.



Айта кетейік, бүгін 16.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Фариза Оңғарсынованың «Шілде» және «Полдневный Жар» кітаптарының тұсаукесері өтеді.

Кешкі 19:00-де Жастар театры сахнасында «Фариза» спектаклі қойылады.





Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT